Ресей Кемероводағы сауда орталығында болған өрттен кейін енді ғана ес жиған еді, дәл сондай жағдай қайталанды. Бұл жолы Мәскеудегі «Персей для детей» сауда орталығы отқа оранған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алды. Олардың біреуінің халі мүшкіл.
Тілсіз жау ғимараттың жоғарғы қабаттарының біріндегі қоймадан шығыпты.
Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Нысаннан 60 адам эвакуацияланды. Қазіргі кезде өрт сөндіріліп, оқиға орны қоршауға алынды. Ал, зардап шеккендерді екі медициналық тікұшақ ауруханаға жеткізген.
Мадина РАХЫМБЕК