Францияда соңғы 23 жылдан бергі ең ауқымды екі күндік теміржолшылар ереуілі басталды. Оған осы саланың барлық қызметкерлері, оның ішінде, машинисттердің 80 пайызы дерлік қатысып жатыр.
Шерушілер президент Макрон үкіметінің мемлекеттік теміржол компанияларын жекешелендіру туралы жоспарына наразы. Кәсіподақтардың пікірінше, онсыз да шығынды сектор бәсекелестікке шыдай алмайды.
Акцияға байланысты сәрсенбінің кешіне дейін жүйрік пойыздардың 90 пайызы және қала маңына қатынайтындардың үштен екі бөлігі сапарға шықпайды. Бұдан бөлек, Парижді Брюссель және Лондонмен байланыстыратын желі – «Евростар» да зардап шегеді.
Мадина РАХЫМБЕК