Ким Чен Ын K-pop өнерін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын K-pop өнерін тамашалады

02.04.2018

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын алғаш рет Пхеньянда оңтүстіккореялық әртістердің әндерін тыңдады. K-pop стилінде орындаушылар Солтүстік Кореяға гастрольдік сапармен барған. Ким Чен Ын жұбайымен бірге 2 сағаттық концертті соңына дейін көріп, кейін әншілермен суретке түсті. Шараға Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрімен бірге өзге де өкілдері қатысқан. Музыкалық сапар екі Корея арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Ал, Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің қатысуымен демилитарланған аймақта алдағы уақытта өтетін саммит саяси маңызды оқиға болмақ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу