Польша АҚШ-тан қару-жарақ сатып алу туралы өз тарихындағы ең үлкен келісімге қол қойды. Соның ішінде құны 4,75 млрд. доллардың «Пэтриот» зымырандық қорғаныс жүйесі бар.
Айта кетсек, НАТО-ның мүшесі – Польша өзінің армиясын 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін модернизациялауға кірісті. Сонымен қатар, бұл аймақта Мәскеудің әскери және саяси айбыны да күшейіп келеді.
Вашингтонмен жасалған келісім бойынша Варшава Америкадан 4 «Пэтриот» кешенін, 360 градустық радар және зениталық ракета алады.
Бұл арсеналды Польша Нидерланд, Германия, Испания, Грекиямен бірігіп, әуе және зымырандық қорғаныс операцияларын жүргізуге пайдаланбақ.
Арыстан РЫСБЕК