Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуына ертең тура 1 жыл қалады. Естеріңізге сала кетсек, бұл ажырасуға 2016 жылғы референдумда халықтың 52 пайызға жуығы «иә», 48 пайызы «жоқ» деп дауыс берді.
Қазір Лондон мен Брюссель бір-бірінен бөлінудің шарттарын талқылап жатыр. Ал, премьер-министр Тереза Мэй осы мәселе жайындағы 2 жылдық келіссөздерге жол ашатын 50-бапты былтыр іске қосты.
Оның сөзінше, Британия Еуропа одағынан 2019 жылы наурыздың 29-да кетеді.
Арыстан РЫСБЕК