Ким Чен Ын Қытайға барса керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын Қытайға барса керек

27.03.2018

Солтүстік Корея лидері дүйсенбі күні Қытайға барды. Мұны бүгін «Bloomberg» агенттігі хабарлап отыр. Егер бұл ақпарат расталатын болса, Ким Чен Ын мемлекет басшысы ретінде алғаш рет шетелге шығып отыр. Ал, «Рейтердің» репортері осыдан бірнеше сағат бұрын Бейжіңнен бір ресми делегацияның кортежбен солтүстікке қарай бет алғанын көрген.

Өзге бір болжамдарға қарағанда, Қытай астанасына Ким Чен Ынның қарындасы барған болуы керек.

Айта кетсек, Солтүстік Корея лидерінің әкесі Ким Ир Сен марқұм 2011 жыл дәл осындай жасыл түсті дипломатиялық пойызбен Бейжіңге сапар шеккені белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу