Мұнда жақында хайтек стартаптарын тартуға арналған арнайы сандық парк ашылды. Арал Сингапурдан 15 шақырымда орналасқан. Бүгінде цифрлық хабта сингапурлық 4 компания жұмыс істеп жатыр. Кешен мәліметтер орталығы, тематикалық резиденция, фильм студиясы, жоғары класты саяжайлар мен кеме терминалынан тұрады. Елде «Кремний жазығын» ашу идеясына 2016 жылы президент Джоко Видодо бастама болған. Оның аясында 2020 жылға таман Индонезияның 10 қаласына 1 мыңдай сандық стартап тарту көзделген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ