Азық-түлікті де өнер туындысына айналдыруға болады. Мұндай кәсіпке Киев тұрғыны Дарина Коссар ерекше ден қойып жүр.
Бұрынғы психолог тағамдарды суреттеп әзірлейді. Сол үшін ол көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет пен ірімшікті, кондитерлік және косметикалық өнімдерді пайдаланады екен.
Асты әзірлемес бұрын Дарина табақ бетін қалай безендіретінін қағазға түсіріп алады. Оның мұндай талантын байқаған Киев ресторандары кейінгі кездері Коссарды тағам дайындауға арнайы шақыратын болған.
«Сырт көзге оңай көрінгенмен, бұл кәсіп ыждаһаттылықты, төзімді және жанашырлықты талап етеді», - дейді украиналық суретші.
Арыстан РЫСБЕК