Анкара ЕО-нан 3 миллиард еуро талап етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара ЕО-нан 3 миллиард еуро талап етпек

20.03.2018

Анкара еуропалық серіктестерінен Болгарияның Варна қаласында өтетін Еуропа Одағы-Түркия саммитінде 3 миллиард еуро талап етпек. Бұл соманы одақ миграциялық дағдарыспен күреске түріктерге бөлуге уәде еткен-ді. Мұны Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлім етті.

2016 жылы наурыздың 17-18-де өткен саммитте Брюссель мен Анкара миграциялық ағынды қысқартуға бағытталған шараларды қарастыратын келісімге қол қойған болатын. Сонда Еуропа одағы Түркияға 3 миллиард еуродан екі транш – жалпы 6 миллиард еуро бөлуге міндет алды. Алайда, осы күнге дейін түріктерге тек 850 миллион еуро ғана түскен екен.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу