Мұндай шешімді 13-ші шақырылымдағы Халық өкілдері бүкілқытайлық жиналысы бірінші сессиясының делегаттары қабылдады.
Вице-премьерлікке Гарвардтың түлегі Лю Хэ, Бірінші вице-премьер лауазымына Шанхай парткомының бұрынғы басшысы және Политбюроның Тұрақты комитетінің мүшесі Хань Чжэн тағайындалды.
Мұның алдында парламент Мемлекеттік кеңесті ауқымды түрде реформалау жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, жаңа үкімет құрамына министрлік деңгейіндегі 26 ведомства кіретін болды. Солардың сегізі – енді ашылған министрліктер.
Арыстан РЫСБЕК