АҚШ Ресейдің 19 азаматы мен үш компаниясына Америкадағы сайлауға араласты, хакерлік шабуыл жасады деп санкция жариялады. Олардың 13-і - ГРУ әскери барлау агенттігінің мамандары. Ал, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерстің мәлімдеуінше, Құрама Штаттар Мәскеудің тәртібі өзгермесе, оған қарсы қатаң саясатты әрі қарай да ұстана бермек.
Дегенмен, осы жолы Вашингтон Ресейдің олигархтары мен үкімет мүшелерін нысанаға алмаған. Сондықтан, Трамп әкімшілігі Конгрестегі екі партияның да сынына ұшырайды деген болжам бар.
Арыстан РЫСБЕК