Рованиеми қаласының халқы солтүстік шұғыласына куә болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рованиеми қаласының халқы солтүстік шұғыласына куә болды

15.03.2018

Финляндия аспанында солтүстік шұғыласының түрлі-түсті сәулелері жарқырап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бұл құбылысқа Рованиеми қаласының халқы сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні сағат 12-лер шамасында куә болды. Олардың сөзінше, соңғы жарты жылда мұндай тамаша шұғыла көкте байқалмаған.  Поляр шұғыласы Күннен тарайтын электр бөлшектері Жер атмосферасына еніп, өзара соқтығысқанда пайда болады.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу