Ұлыбритания Ресейдің 23 дипломатын еліне қайтарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Ресейдің 23 дипломатын еліне қайтарады

15.03.2018

Мұны Премьер-Министр Тереза Мэй ағылшын парламентінде ескертті. Оның сөзінше, тыңшылықпен айналысқан елшілік қызметкерлері алдағы бір аптаның ішінде отандарына оралуы керек. Және де ол Мәскеуді заңсыз күш қолданды деп айыптап отыр. Бұған қоса, Мэй ханым алдағы уақытта Ресейден қорғану шараларын күшейтіп, оның шетелдегі мемлекеттік есепшоттарын тоқтатып, биыл жазда Британияның Әлем чемпионатына қатысу ықтималдығын төмендету жолдарын қарастырмақ.

Лондон мұндай қадамға бұрынғы ресейлік шпион Сергей Скрипаль мен оның қызы жүйкені зақымдайтын заттан уланғаннан кейін барып отыр.

Алайда, Кремль оларға токсиндік шабуыл жасамағанын айтып, Британиядан кек алатынын жеткізді. Осыған орай, британ азаматтарына Ресейде сақ болу туралы кеңес берілді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу