Трамп Қытай тауарларына салықты көтермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Қытай тауарларына салықты көтермек

14.03.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін 60 миллиард доллардың импорттық тауарларына салықты көтеруді көздеп отыр. Мұны онымен осы мәселені талқылаған екі адам айтты. Олардың сөзінше, тариф, әсіресе, технология секторына қатысты өспек. Солардың ішінде элекрондық және телекоммуникациялық өнімдер бар.

Жалпы алғанда, Құрама Штаттар Қытайдың 100-ге жуық тауарына байланысты салықты жоғарылатайын деп отыр. Бұл тізімге аяқ киім, киім-кешек және ойыншықтар да қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, Вашингтон Қытай компанияларының инвестициясын да шектеу жолдарын қарастырып жатыр.

Айта кетсек, 45-ші президент билікке келгенде, америкалық жұмысшылардың өнімін шетелдің арзан импортынан қорғауға уәде берген-ді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу