Жапонияда түрмелерде жасы 60-тан асқандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда түрмелерде жасы 60-тан асқандар көбейді

14.03.2018

Жапония қоғамы қартайған сайын, оның түрмелерінде егде жастағы кісілер саны көбейіп келеді. Мына кадрлардағы адамдарды қарттар үйіндегі қариялар деп ойлап қалуға болады. Алайда, олар абақтыдағы тұтқындар.

Жапонияның пенитенциарлық жүйесінің бүгіндегі ең өзекті мәселесі – қамауда отырғандардың қартаюы. Олар - аса ауыр қылмыс жасап, ұзақ жылдарға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар.

Ресми деректерге жүгінсек, Жапонияда темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқандардың 19 пайызы - 60-тан асқандар. Мәселен, АҚШ-та бұл көрсеткіш тек 6 пайыз ғана.

Билікті алаңдатын тағы бір жайт – қарттар арасындағы рецидивизмнің көбеюі. Бұрын сотталғандардың 65-тен асқандарының әрбір төртіншісі бірнеше жылдан соң түрмеге қайта оралады екен.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу