Әйгілі модельер Юбер де Живанши дүние салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі модельер Юбер де Живанши дүние салды

13.03.2018

Францияда 92 жасқа қараған шағында әлемге әйгілі модельер Юбер де Живанши дүние салды. Сән әлемінде қайталанбас із қалдырған тұлға «мәңгі оқушы» және жоғарғы сән әлемінде «қарапайым джентльмен» деп аталып кеткен еді. Замандастарының пікірінше, кутюрье ескі стереотиптерді бұзып, өз дәуірінің сән ережелерін өзгерте білген. Юбер де Живанши өзінің жоғарғы сән үйін 1952 жылы қалады. Ол әсіресе, актриса Одри Хепберннің «Тиффанидегі таңғы ас»  рөліне арнайы тіккен қара көйлегі үшін атақты болды. Бұған қоса, модельер әлемдегі ең танымал тұлғаларға арнап киім дайындаған. Оның туындыларына тапсырыс бергендердің арасында АҚШ-тың 35-ші президентінің жары Жаклин Кеннеди де болған.     

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу