Нью-Йоркте тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны беске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны беске жетті

12.03.2018

Нью-Йоркте тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны бесеуге жетті. Яғни, еурокоптерде болған жолаушылардың барлығы мерт болған. Тек пилот аман қалды. Тікұшақ суға құлап бара жатқанда ол өзін-өзі босатып үлгерген. Екі жолаушы оқиға орнында жантәсілім етті. Қалған үшеуі кейін ауруханада дүние салған.

Айта кетсек, олар тікұшақпен Нью-Йорктің көрнекті жерлерін тамашалау үшін әуеге көтерілген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу