Барселонада мыңдаған адам Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада мыңдаған адам Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап етті

12.03.2018

Барселонада мыңдаған адам шеруге шығып, Каталонияның Испаниядан бөлінуін талап етті. Демонстрацияны «Каталониялық ұлттық ассамблея» атты сепаратистік ұйымы ұйымдастырған.

Жергілікті полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, митингке 45 мың адам қатысты. Олар аймақтың тәуелсіздігін қолдайтын үш саяси партия үкіметті құруға байланысты ортақ шешімге келіп, тез арада «Каталония республикасын» негіздеуді қалайтындарын алға тартқан.

Әуелде Каталония парламентінің депутаттары аймақтың егемендігі үшін дауыс берген болатын. Алайда, бұдан кейін Мадрид жергілікті атқарушы билікті уәкілдігінен айырды.

 

Мадина РАХЫМБЕК  

Хабарламаларға жазылу