Женевада 88-ші жыл сайынғы автосалон тілшілер үшін ашылды. Мұнда алдағы 10 күнде әлемнің жетекші концерндері өздерінің 900-ден астам жаңа өнімін паш ететін болады. Ал, «Ferrari», «MacLaren», «Lamborghini» және «Corbelatti» тәрізді компаниялар 100-ден астам модельдің тұсаукесерін дәл осы көрмеде өткізбек.
Солардың ішінде басты назарда – электрокарлар болмақ.
Сонымен қатар, биылғы мотор-шоуда «Mercedes-Benz», «Volvo Polestar», «Hyundai» мен «Jaguar» жаңа үлгілерін ұсынады.
Бүгін түскен мәліметке қарағанда, автокөрме көпшілік үшін ертең ашылады.
Мадина РАХЫМБЕК