Ресейлік бұрынғы шпион уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік бұрынғы шпион уланды

06.03.2018

Ресейде мемлекетке сатқындық жасады деп сотталған бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальға қастандық жасалды. Оқиға Ұлыбританияның Солсбери қаласында болған. Соңғы мәліметке қарағанда, экс-шпионға құрамы белгісіз у берілсе керек. Британ полициясы осы іс бойынша тергеу жүргізетінін мәлімдеді. Ал, Солсбериде бір сауда орталығы мен кейбір кварталдар қоршауға алынып, оларда химиялық қорғаныс костюмін киген мамандар дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

66 жастағы Скрипаль 2006 жылы сотталып, 2010 жылы үш ресейлікпен бірге рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты. Кейін олар АҚШ-та ұсталған ресейлік агенттерге айырбасталды.

Куәгерлердің сөзінше, өткен тәулікте Скрипаль мен оның құрбысы сауда орталығының жанында отырғанда кенеттен қатты ауырып, ауруханаға жеткізілген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу