АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы және кеңесшісі Джаред Кушнер бірқатар мемлекеттік құпия құжаттармен танысу құқығынан айырылды. Сонымен бірге, ол Ақ үйдің брифингтеріне де қатыса алмайды. Мұндай ақпаратты Америка газеттері мен телекомпаниялары таратып жатыр. Бұған дейін Джаред Кушнерге аса құпия ақпаратпен танысуға уақытша мүмкіндік берілген еді. Дегенмен, кейін ол ресейлік және қытайлық компаниялармен ынтымақтасты деген күдік туындады. Кушнердің өзі болса, бұл жорамалдардың бәрін жоққа шығарып отыр. Ал, Ақ үй өкілі Сара Сандерстің мәлімдеуінше, жаңа шектеулерге қарамастан, Кушнер Трамп әкімшілігінде маңызды рөл атқара бермек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ