Еуропалық Одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтті

27.02.2018

Соның ішінде саудалық шектеулер мен солтүстіккореялық жұмысшыларды депортациялау туралы баптар бар. Мұны бүгін осы одақтың Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кеңесі мәлімдеді.

Жаңа шектеулерге сәйкес, одақ елдері Солтүстік Кореяға мұнайды коммерциялық мақсатта экспорттауға толық тыйым салады. Еуропалық Одақ бұл мемлекетке өндірістік жабдықтар мен жүк машиналарын, темір мен болатты және өзге де металдарды сатуды тоқтатып отыр. Ал, Солтүстік Корея азаматтары одақ аумағынан 24 айдың ішінде толық шығарылады. Өйткені, АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Никки Хейлидің мәлімдеуінше, олардың тапқан табысының негізгі бөлігі ядролық қару мен оны тасымалдайтын ракета жасауға жұмсалып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу