Римді алты жылда алғаш рет қалың қар басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Римді алты жылда алғаш рет қалың қар басты

26.02.2018

Италия астанасы Римде боран соғып, көшелерді қалың қар басып қалды. Қала тұрғындары мұндайды алты жылдан бері көрмеген. Бүгін түнгі сағат 2-де басталған қар әлі тоқтаусыз жауып жатыр.

Күн райының қолайсыздығынан мектептер жабылып, метро станциялары істен шығып, көлік қозғалысы тежелді. Ал, Колизей сияқты көптеген туристік орындарға кіруге уақытша рұқсат жоқ.

Жергілікті билік көшелерді қардан тазартып үлгермей жатыр. Қоғамдық транспорттың кешігуіне байланысты адамдар діттеген жеріне дер кезінде жету үшін жаяу жүруге мәжбүр. Дегенмен, халық арасында қуанып, қар атқыласып ойнағандар да бар.

Соңғы деректерге қарағанда, суық климат елге Сібірден жеткен. Синоптиктердің болжамдарына қарағанда, ертең ауаның температурасы 9 градусқа дейін түсуі мүмкін.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу