Парижде жаңа иммиграциялық заңға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде жаңа иммиграциялық заңға қарсы шеру өтті

22.02.2018

Парижде жүздеген адам иммиграция туралы заңға өзгеріс енгізуге қарсы шеруге шықты. Сен-Мишель алаңына жиналған демонстранттардың көбі иммигранттар, заңгерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері. Олардың пікірінше, билік елге пана іздеп келген мигранттардың құқығын шектейін деп отыр.

Айта кетейік, Франция үкіметі иммиграция және баспана беру туралы заңдарды қатаңдату жөнінде парламентке ұсыныс енгізеді. Өйткені, президент Эммануэль Макронның министрлер кабинеті миграциялық саясаты үшін кейінгі кездері ұлтшылдардың сынына жиі ұшырап отыр.

Жаңа ережеге сәйкес, мигранттарды қамауда ұстау мерзімі 90 күнге дейін ұзартылады. Олардың баспана сұрау туралы өтініштерін қарау уақыты қысқартылады. Сонымен қатар, ел шекарасына заңсыз өткен мигранттар бір жылға сотталып, айыппұл төлейтін болады.

Статистикаға жүгінсек, былтыр осы елге 100 мыңдай мигранттар барған екен. Бұл – Франция үшін рекордтық көрсеткіш.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу