Мәскеудегі апаттың себебі туралы алғашқы болжам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудегі апаттың себебі туралы алғашқы болжам

14.02.2018

Мемлекетаралық авиациялық комитет Мәскеу облысында болған әуе апатының себебі туралы алғашқы болжамын жариялады. Параматерлік мәліметтер жазылған қара жәшікті зерттеген мамандардың айтуынша, лайнердің ұшу жылдамдығын көрсететін құрылғы суықтан қатып қалған. Соның кесірінен қондырғылардың бірі «жылдамдық қатты артып кетті» деген, ал, екіншісі «тым төмендеп қалды» деп, кереғар мәліметтер көрсеткен. Мұндай апатты жағдай ұшақ көкке көтерілген соң 2 минуттан соң басталған. Экипаж мүшелері автоматты ұшу режимін өшіріп, қолдан басқаруға көшкенімен, көп ұзамай ұшақ құлаған. Апаттың нақты неден болғаны туралы толыққанды ұйғарым жасау үшін Мемлекетаралық авиациялық комитеттің өкілдері ұшқыштардың дауыстары жазылған екінші қара жәшікті зерттеуде.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу