Экс-президенттің құрбысы 20 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экс-президенттің құрбысы 20 жылға сотталды

13.02.2018

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің құрбысы 20 жылға сотталып кетті. Чхве Сун Силь мұндай жазаға коррупция үшін ілігіп отыр. Сонымен қатар, ол 17 миллион долларға жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Дәлірек айтсақ, бұл азаматша президентпен достығын пайдаланып, «Samsung» тәрізді ірі компанияларды өзімен байланыстағы үкіметтік емес қорларға миллиондаған доллар аударуға мәжбүрлеген.

Естеріңізге сала кетсек, осы коррупциялық дауға байланысты былтыр наурыздың 31-де мемлекет басшысы Пак Кын Хе отставкаға жіберілген. Оған да билікте отырғанда пара алды, қызметін асыра пайдаланды, заңсыз қысым жасады деген айыптар тағылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу