Тағы 7 адам қаза тауып, 88-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Хуалянь қаласында болған қуаты 6,4 балдық дүмпуден ірі 4 ғимарат құлады. Оның ішінде 12 қабаттық тұрғын үй мен отель бар. Ал, үйінділер толық аршылып біткен жоқ. Сол себепті, құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін.
Қазір апат болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, аралда алдағы екі аптада қуаты 5 балдық бірнеше дүмпу болуы ықтимал. Сондықтан, тұрғындарға сақ болу қажеттігі ескертілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ