Оңтүстік Кореяда Қысқы Олимпиадаға қатысатын 3 мыңдай спортшыға 1100 доллардың «Samsung» смартфондары мен «Nike» костюмдері беріледі. Алайда, Солтүстік Кореяның 22 атлеті бұл сыйлықтардан қағылатын болды. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Пхеньянға жариялаған санкциялары себепші. Өйткені, сол шектеулерге сай, Солтүстік Кореяға бағалы заттар мен электроника сатуға және таратуға тыйым салынған. Бұған қоса, Олимпиадада екі Кореяның хоккейші әйелдерінің біріккен командасы ресми демеуші «Nike» компаниясының киімдерін емес, финляндиялық бір марканың формасын киіп ойнамақ. Ал, Олимпиада аяқталған соң солтүстіккореялық спортшылар коньки, хоккей таяғы тәрізді өздеріне жалға берілген заттарды Оңтүстік Кореяда қалдырып кетуі тиіс.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ