Венесуэла үкіметі жарықтың өшуін «саботаж» деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла үкіметі жарықтың өшуін «саботаж» деп атады

07.02.2018

Венесуэла астанасының бірнеше ауданында жарық өшіп қалды. Соның салдарынан кем дегенде 10 пойыз станциясы жабылып, бағдаршамдар сөніп, телефон байланысы үзілді. Бұл жағдайды үкімет «саботаж» деп күдіктеніп отыр. Алайда,  биліктің қарсыластарының ойынша, энергетикалық коллапсқа гиперинфляция, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы және мұнай өндірісі деңгейінің түсуі түрткі болуы мүмкін.                                            

Осыдан бір ай бұрын да Каракас пен басқа қалаларда 5 сағат бойы жарық өшкен. Социалистік үкіметтің болжауынша, оған электр станциясы мен ток таратушы мұнара арасындағы кабельдің үзілуі себепші.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу