Оңтүстік Кореяда Халықаралық Олимпиада комитетінің 132-ші сессиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда Халықаралық Олимпиада комитетінің 132-ші сессиясы ашылды

06.02.2018

Оңтүстік Кореяда Халықаралық Олимпиада комитетінің 132-ші сессиясы салтанатты түрде ашылды. Ол сырғанау спорты түрлерінен жарыс өтетін Каннын қаласындағы арт-орталықта өтіп жатыр. Отырыс екі күнге жалғасады. Комитет президенті Томас Бахтың сөзінше, Қысқы Олимпиада екі Корея арасында келіссөздердің қайта басталуына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Пхенчханда Ақ Ойындар ақпанның 9-да басталады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу