Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында алапат циклон мен тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. «Фехи» тропикалық дауылынан жаңбыр құйып, екпінді жел соғып, мыңдаған үй жарықсыз қалған. Қолда бар деректер бойынша, елдің Буллер аймағы мен Данидин қаласында жолдар шайылып, үйлерге су кіріп, көлікпен жүру мүмкін болмай отыр. Сондықтан, жергілікті үкімет тұрғындарды қауіпсіздік мақсатында алыс сапарға шықпауға шақырды. Нельсон қаласы әуежайының жұмысы доғарылып, көптеген рейстер кейінге шегерілген.
Метеорология қызметінің хабарлауынша, бұл циклон бүгін тіпті күшейіп, тағы бірнеше күнге созылуы ықтимал.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ