Перуде мыңдаған фермер шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде мыңдаған фермер шеруінің соңы қақтығысқа ұласып, 2 адам қаза тапты

02.02.2018

Перуде Аякучо қаласында мыңдаған фермер шеруінің соңы полициямен қақтығысқа ұласып, 2 адам қаза тапты. Көкөніс өсіріп, нәпақасын табатын шарулар картоптың бағасының тым төмендеп, үкімет тарапынан  фермерлерге байланысты дұрыс реформалар жасалмағанына қарсылық білдірді. Полиция ашуға ерік берген демонстранттарға көз жасаурататын газ бен қару қолданған.

Шерушілердің пікірінше, бұл жағдайға ел президенті Педро Пабло Кучинскидің қатаң үнемдеу шаралары себеп болды. Алдағы күндері мұндай наразылық акциялар елдің бірнеше қалаларында өтеді деген мәлімет бар.   

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу