Қытайдың Хэнань провинциясында 20 қабаттық кеңсе өрттенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Хэнань провинциясында 20 қабаттық кеңсе өрттенді

01.02.2018

Бүгін Қытайдың Хэнань провинциясының астанасы Чжэнчжоуда 20 қабаттық кеңсе өртенді. Сондықтан, аспанға қалың қара түтін көтерілді.  Дегенмен, «СиСи-ТиВи» телекомпаниясының хабарлауынша, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Лапылдаған жалын ғимараттың шығыс жағын толықтай шарпыған. 

Болжамдарға қарағанда, өрт 17 қабатта басталса керек. Оқиғаның себептері қазір анықталып жатыр.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу