Күрдтер түрік әскерінің операциясына қарсы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрдтер түрік әскерінің операциясына қарсы шықты

31.01.2018

Түрік әскерінің Африн қаласына басып кіруіне қарсы жүздеген күрд Сирияның Қамышлы қаласында наразылық білдірді.

Аталған ауданда Түркияның әуе және жаяу әскері 12 күннен бері күрд отрядтарымен ұрыс жүргізіп жатыр. Анкара оларды «террористер» деп есептейді. Бұл науқан Сириядағы көпжақты азаматтық соғыста жаңа майданның ашылуына түрткі болды.

Демонстранттар Түркияда заңсыз саналатын Күрдістан жұмысшылар партиясының қамаудағы басшысы Абдулла Оджаланның суреттері мен ту ұстап шықты.

Томирис АБИШЕВА

Хабарламаларға жазылу