Бүгін Жапонияда алғашқы робот-кафе бұқаралық ақпарат құралдары үшін өз есігін ашты. Онда баристаның орнына арнайы механикалық адам қызмет көрсетеді.
Дәмхана қонақтары автоматтық машинадан алынған билеттегі кодты сканерлеп, оның көмегімен 320 йен немесе 3 доллар тұратын кофені сатып алады. Ал, «Савиер» есімді робот бірден 5 шыны кофе дайындайды екен. Яғни, бұрын осы мекемеде 4-5 қызметкер қажет болса, қазір олардың орнына бір робот қана жұмыс істеп жүр. Сондықтан, кофе бағасы төмендеуі мүмкін.
Мұндай роботтар тез қартайып жатқан жапон қоғамында келешекте жұмысшылар тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі деген де үміт бар.
Томирис АБИШЕВА