Парижде тасқын қаупінен 1500 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде тасқын қаупінен 1500 адам эвакуацияланды

29.01.2018

Сена өзенінің деңгейі көтеріліп, қаланың әсіресе Иль-де-Франс ауданын су басып қалады деген болжам бар. Бұған себеп - бірнеше күн қатарынан толассыз жауған нөсер. Соңғы келген деректер бойынша, тасқын бүгін күшейіп, жолдарды шайып кетуі мүмкін. Таяуда ғана апаттық жағдайға байланысты атақты Лувр мұражайына қауіп төніп, жабылған болатын. Туристер қайықпен жүзіп, серуендейтін турлар да өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Айта кету керек, Парижде ең алапат тасқын 1910 жылы тіркелген. Сена өзені 8 метрден асып, көшелерді су басып қалған болатын.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу