Оппозиционер Навальный митинг кезінде тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оппозиционер Навальный митинг кезінде тұтқындалды

29.01.2018

Мәскеуде оппозиционер Алексей Навальный митинг кезінде тұтқындалды. Оның «Дауыс берушілер ереуілі» деген акциясына сан мың адам қатысқан. «Жемқорлыққа қарсы қордың» қалаушысын, Навальныйды полиция Тверской алаңында күштеп алып кетіп бара жатқанын «youtube» желісі арқылы тікелей байланыста жұрт назарына көрсетілген. Оппозиционерге әкімшілік құқықты бұзды деген айып тағылып, енді ол заңсыз митинг өткізгені үшін жазаға тартылмақ. Енді Навальный айыппұл төлейді немесе 30 күн абақтыға қамалуы тиіс. Оның жақтастарының соңғы таратқан деректеріне қарағанда, әзірге ол 48 сағатқа түрмеге жабылды. Осындай митинг елдің Санкт-Петербург қаласында да өтті деген ақпарат бар.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу