Грекияда реформаға 20 мыңдай адам наразылық білдірді
Грекия парламентінің жанына 20 мыңдай адам жиналып, реформаларға наразылық білдірді. Демонстранттардың сөзінше, депутаттар мемлекетке қарыз адамның мүлкін тартып алу, отбасылық табысты қайта құрылымдау, шеру өткізуді қиындату туралы заңды қабылдап жіберген. Алайда, билік мұндай қатаңдыққа бармаса, Грекия халықаралық кредиторлардан экономика үшін 6,5 миллиард еуро траншты ала алмас еді.
Қарсылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Манифестанттарды тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қаруын қолданды. Бірақ, шерушілер күресті тоқтатпауға уәде берді. Олардың айтуынша, қаржылық қысылтая кесірінен Грекиядан 500 мыңдай білімді жас кетуге мәжбүр болған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09