Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Шарджа қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналып жаңа банкоматтар пайда болды. Енді мүгедек жандар ешкімнің көмегінсіз-ақ ақшаны картадан шешіп ала алады. Жергілікті Ислам банкі жаңа технологияға сәйкес, банкоматтарға дауыс арқылы бұйрық беру жүйесін орнатты. Мұндай жүйені пайдаланған көзі көрмейтін жергілікті тұрғынның сөзінше, енді олардың күнделікті өмірі жеңілдей түспек. Сондай-ақ, жаңа дизайнмен жасалған банкоматтардың алдында мүгедек арбасымен келгенге де жағдай жасалған.
Жаңа технологиялардың енгізілуі мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу бағдарламасы аясында жасалып отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ