Ол 2012 жылдың маусымынан бастап Эквадордың Лондондағы елшілігінде тіршілік етіп келген еді. Елдің Сыртқы Істер министірі Мария Фернанда Эспинозаның мәлімдеуінше, Ассанждың азаматтық алу туралы өтініші былтыр желтоқсанның аяғында мақұлданған. Алайда, оның мәртебесі халықаралық құқықтық нормаларды ескере отырып, анықталатын болады. Ұлыбритания болса, ол сот алдында жауап беру керек деп отыр. Дегенмен, Ассанж дипломатиялық иммунитет алған жағдайда, тағылған айыптардан құтылып, кез келген елге еркін бара алады.
Айта кетсек, атышулы сайттың қалаушысы Эквадордан саяси баспана сұраған. Ассанж Швеция мен АҚШ елдеріне барса оған «WikiLeaks»-та құпия құжаттарды жария еткені үшін және басқа да қылмыс жасады деген айыппен қамауға алынуы мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ