Бразилияның Сан-Паулу қаласында қоғамдық көліктерде баға қымбаттап, адамдар жаппай шеруге шықты. Қарсылық акциясы орталық көшеде театр алдында басталып, Прака да Се алаңына дейін жетті. Демонстранттардың көбі жастар болған. Наразы жұрт үкіметке қарсы жазулары бар плакаттар ұстап, түрлі ұрандар айтты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар автобусының билетінің құны 4 долларға жеткен. Шерушілердің сөзінше, елдегі әлеуметтік жағдай қиын болғандықтан, қоғамдық көліктердегі бағаның өсуі халықтың қалтасын қағады. Жалақысы төмен азаматтардың күнделікті жұмысқа баруы енді проблемаға айналмақ.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ