Оңтүстік Кореяда биткойн саудасына тыйым салатын заң шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда биткойн саудасына тыйым салатын заң шығады

11.01.2018

Оңтүстік Кореяда барлық криптовалюта түрлеріне, соның ішінде биткойн саудасына тыйым салынады. Елдің Әділет министрлігі осындай заң жобасын дайындап жатыр. Ол электрондық ақша айналымына жол бермеу жоспарын Қаржы министрлігімен жан-жақты талқылады. Бұл шара халықты алаяқтықтан қорғау үшін қажет болып отыр.

Осыған дейін Корея үкіметі сандық валюталарды «қаражат тартудың рұқсат етілмеген түрі» деп мәлімдеген еді.

Жалпы, Кореяның ұлттық ақшасы - вонның ғаламдық биткоин-транзакцияларындағы үлесі қазір 20 пайыздай. Ресми Сеул криптовалюталарға тыйым салады деген ақпараттан кейін биткойн құны сәл төмендеп, кейін қайта өсе бастады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу