Олар полиция бөлімшелеріне, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасады деп айыпталып отыр. Елде наразылық акциялары осымен үшінші күнге ұласып, елдің 20-дан астам қаласына тараған. Шерулерді оппозиция ұйымдастырып отыр. Олар осылайша бағалардың қымбаттауы мен салықтың өсуіне қарсылық білдірді. Полиция демонстранттарды тарату үшін газ қаруын қолданған. Наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздіктерден 1 адам қаза тапты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ