Париждегі Ritz қонақ үйінде бағалы әшекейлер тоналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі Ritz қонақ үйінде бағалы әшекейлер тоналды

11.01.2018

Париджегі танымал «Ритц» қонақ үйінде зергерлік бұйымдар дүкені тоналды. Қаруланған адамдар құны 5 млн. еуро болатын бағалы тауарды алып кеткен. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қолдарына балта ұстаған 5 адам қонақ үйдің бірінші қабатындағы дүкен сөресін сындырған. Ұрлықшылардың үшеуі ұсталды. Ал, екеуі қашып кеткен. Әзірге, тоналған қымбат әшекей бұйымдары қайтарылды ма, жоқ па - ол жағы белгісіз. Қазір қонақ үй маңында полиция күзеті күшейген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу