Француз үкіметі «Apple» компаниясына қарсы тергеуді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз үкіметі «Apple» компаниясына қарсы тергеуді бастады

10.01.2018

Өйткені, ол шығарған ескі үлгідегі телефондардың қызметі жасырын түрде баяулатылған. Сондағы мақсат – адамдарды жаңа «айфон» сатып алуға мәжбүрлеу. Бірақ, америкалық кәсіпорын осы үшін кешірім сұраса да, смартфондардың батареяларын әдейі ақырындатқанын мойындамай отыр.

Францияда осы кемшілікке байланысты 3 мыңнан астам адам, ал Оңтүстік Кореяда 250 мыңдай қолданушы тиісті органдарға шағым түсірген. АҚШ пен Израиль тұрғындары да «Apple»-ге қарсы сотқа арыз жазды.  Егер айыбы дәлелденсе, ақпараттық технология алыбы миллиардтаған доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу