Түркияда 2016 жылы іске аспай қалған әскери төңкерістен кейін енгізілген төтенше жағдай режимі тағы үш айға ұзартылмақ. Мұны премьер-министрдің орынбасары Бекир Боздаг мәлімдеді. Осымен елде төтенше жағдай тәртібі алтыншы мәрте ұзартылмақ. Бұл шара президент пен министрлер кабинетіне жаңа заңдарды парламентсіз-ақ қабылдауға, құқықтар мен бостандықтарды шектеуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай енгізілгелі бері 50 мыңдай адам тұтқындалып, 150 мыңы жұмыстан қысқартылған. Билік бұл тазартулар Түркияның қауіпсіздігі үшін қажет деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ