Израиль бүгіннен бастап Газа секторына электр қуатын бұрынғы көлемде беруді жаңғыртты. Елдің Энергетика министрлігі мұндай шешімді Палестина автономиясы жетекшілігінің өтініші бойынша қабылдаған.
Былтыр маусым айында Израиль сектор тұрғындарына электр энергиясын жеткізуді 25 пайызға қысқартқан еді. Соның салдарынан 2 миллион адам тұратын анклавқа тәулігіне тек бірнеше сағатқа жарық берілді. Израиль жағының мәлімдеуінше, мұндай жағдайдың қалыптасуына Палестинаның ішкі проблемалары, яғни «ФАТХ» қозғалысы мен «ХАМАС» тобы арасындағы қарама-қайшылықтар себеп болған. Ал, өткен айда бұл екі ұйым бітімге келіп, автономия әкімшілігі электр қуаты үшін Израильге қайтадан ақы төлей бастайтынын мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ