Соңғы деректерге сай, желтоқсаннан бері 3600-дей адам штаттан қысқартылған екен. Бұл шара - президент Маурисио Макридің бюджет тапшылығын жоюға және инвестиция тартуға арналған реформасының бір бөлігі. Сонымен қатар, үкімет ақпанда Конгресске еңбек реформасы жобасын ұсынбақ. Ал, өткен айда зейнетақы жүйесін өзгертуге бағытталған дауыс беру жоспары тәртіпсіздіктерге түрткі болып, ол заңды күн тәртібінен алып тастауға тура келді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ