Ауғанстан астанасы Кабулде жанкешті-лаңкес жасаған жарылыстан 15 адам қаза тауып, 20-ы жараланды. Терактіге жауапкершілікті «ДАИШ» тобы алған. Қаза тапқандардың көбі - полиция қызмектерлері. Лаңкес көшедегі шеру кезіндегі тәртіпті бақылап жүрген тәртіп сақшыларының қасына барып, өзін-өзі жарып жіберген. Осыдан бір апта бұрын, «ДАИШ» Кабулдегі мәдени орталыққа шабуыл жасап, 50-ге тарта адамды мерт қылды. Сол жарылыстан 90-ға жуық адам жараланды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ