Олар Хмеймим әуе базасында минометтік шабуылға ұшыраған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, 4 бомбылаушы Су-24, екі жойғыш Су-35С және АН-72 ұшақтары жойылған, 10-ға жуық әскердің өміріне қауіп төнді. Алайда, Ресей әлі оқыс оқиға жайында еш мәлімдеме жасаған жоқ.
Кейбір деректерге сүйенсек, шабуыл желтоқсанның 31-і күні жасалып, тек бүгін ғана белгілі болып отыр.
Бұған дейін, елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Тартус пен Хмеймимдегі базаларының қорғанысы мықты деп сендірген болатын.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ